Өтініш беру exit

Қор туралы

about

«Халық» Қайырымдылық қоры» ЖҚ

«Халық» Қайырымдылық қоры» ЖҚ 2016 жылы құрылды және бүгінгі таңда біз еліміздің ең ірі қайырымдылық қорларының ТОП-5 құрамына кіреміз.

Қордың еліміздің өмірінің түрлі салаларындағы қайырымдылық көмегі 2016-2021 жылдар аралығында 9,4 млрд теңгені құрады.

Қордың миссиясы Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін дамыту, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде оң өзгерістерге ықпал ету, әлеуметтік көмек пен білімге тең қол жеткізу үшін жағдай жасау.

«Халық» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, білім беру салаларында елеулі өзгерістерді қамтамасыз етуге қабілетті қайырымдылық жобаларына басымдық береді. «Халық» қайырымдылық қоры өз жұмысында айқындық, ашықтық, өзара сенім және халықаралық стандарттарға сәйкес принциптерін басшылыққа алады.

Еріктілердің қайырымдылығының, ынта-ықыласының және жанкешті жұмысының арқасында «Халық» Қоры 2020 және 2021 жылдары өзінің ауқымды қайырымдылық акцияларын іске асыра алды. Еріктілердің шынайы қамқорлығы мен көмекке мұқтаж адамдармен тығыз байланысы оларға әлеуметтік жобаларының өзекті идеяларын құруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. «HALYQ ҮМІТІ» - бұл біздің әлеуметтік белсенділікті көтеру тәсілі мен әлеуметтік еріктілерге эмоционалды және қаржылық қолдау көрсету әдісі!